2018 жылы Алматыда 18 метрлік автобустардың саны артады

2018 жылы Алматыда 18 метрлік автобустардың саны артады
Фото: almaty.gov.kz

Алматы қаласы бойынша жаңа бағыттағы автобустар таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін әр 6 минут сайын қатынайды. Олар кондиционерлермен, видеобақылаумен, пандустармен жабдықталған. Төрт есіктің әрқайсысының жанына «Оңай» терминалы орнатылған.

Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылды.

Жалпы, Алматыда 2017 жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус сатып алуға қаржы бөлінді. Олардың 185-і өткен жылдың аяғында жолға шығып, қалған 203-і биылғы жылдың басында іске қосылады.

baribar.kz

А. Қажиев