АЕК мөлшері 6 пайызға артты

АЕК мөлшері 6 пайызға артты
Фото: baq.kz

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2405 теңгеге қымбаттады.

Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жүргізуге, айыппұл санкцияларын қолдануға, салықтар мен өзге де өтемдер бойынша қолданылады.

Еске сала кетсек, 2017 жылы еліміздегі АЕК мөлшері 2269 теңге еді. Ал, 2016 жылы - 2121 теңге, 2015 жылы -  1982 теңге болды.

Kazinform.kz

А. Қажиев