Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Елбасы қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2018 жылмен құттықтады. Ол 2017 жылға қорытынды жасап, 2018 жылы қандай өзгерістер болатынын айтып өтті. 

"Құрметті, отандастар! Санаулы сәттерден соң біз күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2018 жылды қарсы аламыз. Жаңа жыл барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке.

2017 жыл тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды. Ата заңымызға өзгерістер енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін маңызды қадам жасадық. Бабалар дәстүрінен нәр алып, болашақтың бағдарын айқындайтын рухани жаңғыру жолын бастадық. Өткен жыл қазақ тілінің жаңа әліпбиі қабылданған тарихи шешім арқылы есте қалатын болады. Біз саясатта, экономикада, спорт саласында маңызы зор халықаралық шараларға бастамашы болдық. Татулық пен тұрақтылықтың мекені Қазақстан ел мен елдің арасын жақындатты. Әлемнің әр түкпірінен келген спорт саңлақтары қысқы Универсиада төрінде бас қосты. Астананың және бүкіл еліміздің ажарын ашқан EXPO көрмесі беделімізді биіктетіп, абыройымызды асқақтатты, елдің әр уақытта жадында қалатын үлкен мәселені шештік.

Барша мұсылман елдерінің басшылары қатысқан жиын өтті. Еліміз 18 миллион халқы бар еңселі елге, мерейлі мемлекетке айналдық. Өтіп бара жатқан жылды баршамыз үшін құтты жыл болды деп сеніммен айтуға болады. Жарқын жетістіктеріміз бен жасампаз жемістеріміз бекем бірлігіміздің арқасы. Бұл белестерді өздеріңізбен бірге алдық, толайым табыстарға сіздерменен бірге жеттік.

Қадірлі, қазақстандықтар! Босағамыздан аттағалы тұрған 2018 жыл да берекелі болады деп ойлаймын. Қазақстан келер жылды Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұңғыш рет төрағалық етумен бастайды. Бұл жас тәуелсіз мемлекет үшін үлкен абырой. Қазіргідей күрделі кезеңде елімізге артылған үлкен сенім және зор жауапкершілік. Алдағы жылы ерке Есілдің жағасындағы ажарлы Астананың 20 жылдығын атап өтеміз. Елордасы еңселі, қуатты Қазақстанның мақсаты биік, бағдары айқын, келешегі кемел! Келер жыл ел қазынасын еселеп, халықтың әл-ауқатын арттыратын жемісті жыл болсын баршамызға! 

Алдағы жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Баршамыз сол үшін қызмет етейік. Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, бірлік тілеймін! Жаңа жыл баршамызға құтты болсын, жаңа табыстар елімізге әкелсін!", - деді Елбасы. 

0
Рейтинг: +1

Фото: abctv.kz
Қосылған күні: 01 қаңтар 2018, 09:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.