Айбек Қалиевке "Айтыстың ақтаңгері" атағы берілді

Айбек Қалиевке "Айтыстың ақтаңгері" атағы берілді

Алматыда Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан жылдың қорытынды айтысында танымал айтыскер Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар ол "Айтыстың ақтаңгері" атанды, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматы шаһарында өткен «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінде жыл бойы өткен айтыстардың жеңімпаздары, алаштың ақиқатын айтып, төл өнеріміздің мәртебесін асқақтатып жүрген азулы, арқалы ақындар қатысып, жылдың қорытынды айтысын жасады.

Еліміздегі кіл жүйріктер қатысқан дүбірлі додада ақындардың көрерменге ұсынары мол болды.

Жыр сайысына Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы, Дидар Қамиев, Қалижан Білдәшев, Хазірет Бердіхан, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов сияқты жылдың ең үздік ақындары қатысты.

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Сонымен Асанәлі Әшімов, Нұртөре Жүсіп, Серік Қалиев, Бауыржан Қалиолла, Дәулеткерей Кәпұлы қатарлы қазылар алқасының шешімімен:

Бас жүлде Айбек Қалиевке бұйырды. Бәйгеге тігілген 5 млн теңгені қанжығалаған саңлақ ақынға Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағы "Айтыс ақтаңгері" атағын берді.

1-орын - Жансай Мусинаға берілді (1 млн теңге)
2-орын (екеу) - Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанхан (500 мыңнан)
3-орын (үшеу) - Ершат Қайболдин, Тілеген Əділов, Халижан Білдəш.

Оның сыртында, "Таскредит" компаниясының степендиясы (1 млн 800 мың) Асем Ережекызына берілсе, Рүстем Қайыртайұлына "Асанәлі Әшімов" қорының арнайы жүлдесі (300 мың теңге), Аспанбек Шұғатаевқа Төреғали Төреәлінің арнайы жүлдесі (300 мың теңге) берілді.

Дереккөз: baq.kz

Ө. Сансызбай