Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Келер жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Келер жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Келер жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды. Келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. 

Зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. 2014 жылы  зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту туралы  Елбасының 2030 жылға дейінгі реформасы бекітілген еді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер өз күшіне енеді. Дәлірек айтқанда, әйелдердің зейнетке шығу жасын 6 айдан көбейте отырып, 2027 жылға қарай 63-ке жеткізу жоспарланған.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай барлық зейнеткер үшін базалық зейнетақы 14 466 теңге көлемінде беріледі. 

1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ жүйеде белгіленген зейнетақыны ала алмайды. Бұл дегеніміз 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді. Дегенмен бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандындырудың ең төменгі кепілдіктерін (базалық зейнетақы) алуға құқылы. 

"1960 жылы 1 қаңтар мен 30 маусымда туылған азаматтардың барлығы 58,5 жаста зейнетке шығатын болады. Ал 1960 ж 1шілде мен 31 желтоқсан аралығында туылғандар 2019 жылы зейнетке 59 жаста шығатын болады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады", – дейді БЖЗҚ АҚ ОҚОФ бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев. 

675 3
Рейтинг: +2

Фото: theconversation.com
Қосылған күні: 07 желтоқсан, 11:27
Пікірлер
+0
08 желтоқсан, 00:23

Ия, дегенмен бул айел затына деген тым катал укiм сиякты...

+0
08 желтоқсан, 00:23

+0
08 желтоқсан, 00:34

Ал, коп балалы анага толенер 8-9 мын тенге менiн коз алдыма елiмiздiн бейшарa халiн байкатады. Паракорлар мен адiлетсiз билеушiлер жайлаган елдiн тipлiгi ceкiлдi. Олай демеске амал жок. "Бipey кун саулесiне малынca, ендi бipеу aй саулесiне заp болгандай"

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...