Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Фото: massaget.kz

Синоптиктер желтоқсан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жария етті. Алдын ала болжам бойынша айдың бірінші онкүндігінде антициклонның ықпалы әсер етеді. Салдарынан еліміздің барлық аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

"Ауа температурасы батыста түнде 2...12 градус аяз, күндіз 2 градус аяз...3 жылы. Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 10...20 градус аяз, күндіз 2...10 градус аяз.Тек еліміздің оңтүстігінде айдын басында циклон ықпал етип жауын шашын жауып, тұман және көк тайғақ сақталады. Ауа температурасы онкүндік бойы түнде 5...15 градусаяздан 0...5 градус аязға, күндіз 0...5 градус аздан 0...8 градусқа дейін жоғарылайды", - деді синоптиктер.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ, үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқыны болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа массаларының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндіктің соңында қарқынды салқын күтіледі. Ауа температурасы түнде 25...35 градус аязға, күндіз 15...20 градус аязға дейін төмендейді. 

Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық мәндерге жақын болады, тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мөлшерден төмен болады. 

Сондай-ақ, желтоқсанда жауын-шашынның айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында мөлшерден көп, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жәнеде Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда мөлшерден аз болатыны айтылады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік