Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті өтеді

«Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті өтеді

«Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті өтеді

«Қазақстан баспасөз орталығында» «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концертінің баспасөз конференциясы өтті. Оған Ұшқын Жамалбек, Олжас Абай (Ochooo), Әсет Есжан сынды «Ugai production» әншілері мен Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш қатысты.

Конференцияда аталмыш концертке қандай азаматтар демеушілік жасауда? Концертте өнер көрсететін эстрада жұлдыздары кімдер? 4 миллион теңге көмек берілетін 100 жетім бала мен 100 студент қалай тізімделгені сөз болды.

Конференцияда сөз алған әнші Ұшқын Жамалбек «Жыламасын сәбилер» «Ugai production»-ның алғашқы концерті екенін айтты.

«Ugai production»-ның тырнақ алды концерті қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылғанына қуаныштымыз» дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке 4 миллион теңге көмек берілетіні хабарланған. Бұл қаражат 24 қарашада өтетін «Жыламасын сәбилер» атты концерт билеттерін сату арқылы жиналмақ.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш 100 жетім бала мен 100 студентке көмектесудегі басты мақсатты атап өтті.

«Алаш деп мың сөз сөйлегеннен гөрі, бір іс жасауды мақсат тұттық. Осы шара арқылы қазақтың 100 жетім баласы мен 100 студентіне Алаш рухын сезіндіре алсақ мақсатымыздың орындалғаны» деді Біләл Қуаныш.

Айта кетейік, «Алашорданың» 100 жылдығына орай жыл басынан бері 5 іс-шара жоспарланған. 5-ші наурызда Әлихан Бөкейханның туған күнінде Байтұрсынұлы мұражай үйінде Алаш арыстарының рухына арнап ас берілген. Сәуірде Байтұрсынұлы саябағына 100 ағаш отырғызылды. 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке көмек беру осы іс-шаралардың жалғасы. 

0
Рейтинг: +1

Фото: google.com
Қосылған күні: 23 қараша 2017, 14:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.