Mozilla браузер жылдамдығын арттырды

Mozilla браузер жылдамдығын арттырды
Фото: wordpress.com

Mozilla «Firefox Quantum» деп аталатын Firefox 57 жұмыс үстелінің жаңа нұсқасын ұсынды. Ол Firefox тарихындағы ең жылдам браузер саналады, – деп хабарлайды GameStar. 

Компания өкілдері жаңа браузер осыдан жарты жыл бұрынғыдан екі есе жылдам жұмыс істейтінін айтады. Ол қайта өңделген CSS механизмінде құрылған.

Браузерде қосымша беттердің санын көбейте отырып жылдам жұмыс істеуге басымдық берілген. Әзірлеушілер бұрын браузерге кедергі келтірген кемшіліктер мен қателерді алып тастады. 

Айта кетейік, Mozilla Firefox кемшіліктері ең көп браузер саналғанмен, Internet Explorer браузерімен салыстырғанда, бұл браузерлердің кемшіліктері өте тез түзеледі. 

Ж. Жұмағұлов