Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында электрондық сауданы дамыту

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында электрондық сауданы дамыту

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы электрондық сауда саласын дамыту жолына да көңіл бөледі. Себебі технологияның дамыған заманында сауда нарығын электронды сауда алаңынсыз елестету мүмкін емес.

Елімізде бұл жүйе жылдан-жылға қарқын алып дамып келеді. Дегенмен әлі де кем-кетігі мен атқарылатын жұмыстары баршылық. Бұл нарықты егжей-тегжейлі және терең талдауды өткізу мақсатында электрондық төлемдер мен электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шара іске асырылатын болады.

Қазақстандағы электронды сауданың дамыған түрлеріне әуе билеттерінің электронды сатылымы, мобилді байланыс қызметтерінің төлемі (интернет-банкингтар арқылы), коммуналды төлемдерді төлеу (интернет-банкингтар арқылы), теміржол билеттерінің электронды сатылымын, т.б. жатқызуға болады. Қолданушы үшін ыңғайлы, түсінікті бағдарламалардың жасалуы – электронды сауданың дамуына жол ашады. Екінші тұрғыдан халықтың уақытын үнемдеп, ұзынсонар кезекті көп көрмейтін боламыз.

- Электрондық сауда сатушы компания үшін де, сатып алушылар үшін де бірқатар артықшылықтарға ие. Сатушылар үшін электрондық сауда бизнес географиялық шекаралармен шектелмейтіндіктен, қатысудың таралу аймағын кеңейтуді, баға, сервис, жеткізу жылдамдығы арқылы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуді, нақты клиенттің тілектерін ескере отырып, сатуды дербестендіру мүмкіндігін, сұраныс және шығындарды азайтуға жылдам жауап беруді білдіреді. Сатып алушылар үшін электрондық сауданың пайдасы бірінші кезекте уақыт үнемдеумен, ыңғайлы жеткізілімді таңдау, тауармен егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігімен, сондай-ақ қаражат үнемдеумен байланысты. Егер де еліміздің жалпы экономикасы үшін электрондық сауданың жетістіктері туралы айтар болсақ, көлеңкелі экономика үлесінің төмендегендігін атап өтуге болады себебі электрондық сауда кезінде барлық төлем ресми түрде жүзеге асырылады. Осылайша осы саланың айқындылығы қамтамасыз етіледі, бұл оның инвестициялық тартымдылығын арттырады, - дейді арнайы бағдарлама баяндамасында.

Қазақстанның интернет бизнесі мен мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин елімізде интернетті қолданушылар көп болғанмен, электронды сауда жасауға сұраныстың аз екенін "Astana Digital Forum"-ы кезінде айта кеткен еді.

- 30 секунд ішінде әлем бойынша интернет арқылы 1,2 миллиард долларға сауда жасалады. Оның басым бөлігі (шамамен 387 доллар) АҚШ-тың еншісінде. Одан кейін Қытай мен Жапония тұр. Ал Қазақстанда 30 секундта 2,7 долларға ғана сауда жасалады.  Бұл – жоғары көрсеткіш емес, жоғарылату керек. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы интернеттегі сауда-саттық көрсеткішін арттыратынына сеніміміз мол, - деді.

Қазақстанда электрон­дық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бой­ынша инфрақұрылымды дамытуда біршама мәселелер кездеседі. Оның ішінде оларға өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады. Олардың бірі – ауыл-аймақтарда интернеттің қолжетімсіз болуы мен қолданудың төмен деңгейі. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында шалғайдағы елдімекендер үшін интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстары атқарылатын болады. Қазақстандағы бөлшек сауданың жалпы көлемінен электрондық сауданың төмен үлесі аймақтардағы логистика инфрақұрылымының әлсіз дамуына, электрондық төлем құралдарының аз болуы мен электрондық сауда саласын реттейтін заңнама актілерінің болмауының нәтижесі болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу - Қазақстандағы электрондық сауданың дамуына серпін береді.

154 0
Рейтинг: +0

Фото: 123RF.com
Қосылған күні: 12 қазан, 14:07
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...