Темекі бағасы жыл сайын қымбаттайды

Темекі бағасы жыл сайын қымбаттайды
Фото: khabar.kz

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің кез келген түрінің ең төменгі бағасы 380 теңге болады. 2007 жылдың 4 сәуірінде шыққан "Фильтрлі, фильтрсіз темекілер және папиростардың ең төменгі бөлшек сауда бағаларын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізілді. 

Енді 20 түрлі темекінің ең төменгі бағасы төмендегіше болады: 

2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 320 теңге; 
 
2018 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 30 маусымына дейін – 340 теңге; 
 
2018 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін – 360 теңге; 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 380 теңге. 

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде күшіне енеді.
 
Темекі шегу сіздің денсаулыққа өте қауіпті. Ең абзалы – шекпеген. 
Ж. Жұмағұлов