«Менің Қазақстаным» фотоконкурсына қатысыңыз

«Менің Қазақстаным» фотоконкурсына қатысыңыз
Фото: Жанат Айтх­ожин

«Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бірлестігі Tengrinews.kz жаңалықтар порталы мен Massaget.kz танымдық-ақпараттық порталымен бірге 2017 жылдың 21 шілдесінен 20 қазанға дейін «Менің Қазақстаным» ын жариялайды.

Фотосуреттер шабыттандырады, бізді басқа кеңістікке көшіреді және әлемге басқалардың көзімен қарауға көмектеседі. Биылғы жылы QazaqGeography командасы Tengrinews.kz және Massaget.kz ақпараттық әріптестерімен бірге біздің елімізді жаңа және күтпеген қырларынан көрсететін ең үздік фотосуреттерді іздеу үшін фотоконкурс ашады.

Конкурс ұзақтығы 1 айдан болатын үш сериядан тұрады. Бірінші сериясы (21 шілде-20 тамыз) «Осындай алуан түрлі Қазақстан: табиғат», еліміздің табиғаты туралы тамаша, қызықты, сюжетке бай фотосуреттерді жинайды. Екінші сериясы: «Осындай алуан түрлі Қазақстан: адамдар»(21 тамыз-20 қыркүйек), Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі адамдар туралы көзбе-көз түрде айтып береді.Үшінші сериясы: «Осындай алуан түрлі Қазақстан: қалалар» (21 қыркүйек-20 қазан), фотосуреттер арқылы еліміздің қалалары мен елді мекендері, олардың архитектурасы, адамдары мен бірегей колориті көрсетіледі.

Төрешілермен таңдалған үздік фотосуреттер үш жүлделік санат бойынша құнды сыйлықтар алып, QazaqGeography көрмесіне қойылатын болады. Барлық фотосуреттер Tengrinews сайтындағы фотогалереяға қойылатын болады. Ал конкурстың қорытындысы бойынша Tengrinews.kz сайт қолданушыларының пікірі бойынша үздік фотосурет үшін қатысушыларды Tengrinews.kz жаңалықтар порталынантағы бір жүлде күтіп тұр.

«Менің Қазақстаным» конкурсына қатысу үшін QazaqGeography қоғамының мүшесі болуы қажет. Қоғамға кіру және конкурсқа қатысу туралы толығырақ qazaqgeography.kz және Tengrinews.kz сайттарынан білуге болады.

2013 жылдың қазанында құрылған «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бірлестігі 5 басым бағыт: «География, климат», «Қоршаған орта,табиғи ресурстар», «Биотүрлілік», «Туризм, саяхат, өлкетану», «Тарихи-мəдени мұра,этнография»аясында жұмыс жүргізеді.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша: Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, ШығысҚазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 11 өңірлік өкілдік ашылған.

QazaqGeography өзінің жобаларын Еуропалық Топ (ERG), «Востокцветмет» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС секілді компаниялардың демеушілік қолдауымен іске асырады.

Г. Берік