"Үркер" сыйлығының жеңімпаздары 1 миллион теңгеден алады

"Үркер" сыйлығының жеңімпаздары 1 миллион теңгеден алады
Фото: ult.kz

Осыдан аз ғана уақыт бұрын баспаcөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығы жарияланғанын хабарлаған едік. Байқауға жұмыстар қабылдау басталып кетті. "Қазконтент" басқармасының төрағасы Евгений Кочетов журналистерді аталған байқауға қатысуға шақырды.

"Құрметті достар! Менің "Казконтент" АҚ жұмысқа кіріскеніме 1 апта өтті. Жұмыстардың нәтижесін уақыт көрсете жатар. Әзірге орындалу керек жобалар мен идеялар өте көп. Оның көпшілігі ұлттық сапалы ұлттық контент, әсіресе қазақ тілді контент құруға бағытталған. Біздің қазақ тілді оқырмандарымыз көптеген қызықты оқиғадан тасада қалып қоятын секілді. Өз атымызға лайық жұмыс істеп, осындай олқылықтарды түзейтін боламыз.

Алда 28 маусым күні баспа, радио және интернет-журналистика саласы бойынша "Үркер" ұлттық премиясы өтетіні туралы естіген боларсыздар?!

Шараның ауқымы кең болғалы тұр, оған күмәндарыңыз болмасын. 15 жеңімпаздың әрбірі 1 млн (!!!) теңгеден алғалы отыр. Меніңше - лайықты мотивация!", - деп жазды ол өзінің фэйсбук парақшасына

"Қазір нағыз құжат тапсыратын уақыт. Дәп қазір el.kz сайтына кіріп, танысып, өтінім берсеңіздер болады. Сондықтан достар, бөлісіп, аталған жүлде жайлы айта жүріңіздер. Біз ұлттық үлгідегі контент үшін!", - дейді басқарма төрағасы.

Ж. Жұмағұлов