Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Талдықорғанда Алаш арыстарына арналған аламан бәйге өтеді

Талдықорғанда Алаш арыстарына арналған аламан бәйге өтеді

Талдықорғанда Алаш арыстарына арналған аламан бәйге өтеді

"Алаш" партиясының, "Алаш орда" үкіметінің 100 жылдығына орай биыл елімізде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі - 20 мамыр күні Талдықорған қаласында өтеді. Алаш қайраткерлерінің рухына арналып ас беріліп, аламан бәйге ұйымдастырылмақ. Бүгін осыған орай баспасөз мәслихаты өтті.

1917  жыл қазақ қоғамында аса күрделі саяси әлеуметтік жағдайды қазақ халқы басынан кешірген жыл. Міне осындай жағдайда қозғалыстың басында ұлтымыздың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев,  Халел Досмұхамедов, Жалел Досмұхамедов сияқты алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары болды. Олар өздерінің білім деңгейі мен саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты мен халықшыл қасиеті, рухани парасаттылығы мен азаматтық пайымдылығы жағынан Қазақстандағы кеңес өкіметін құрушылардан әлдеқайда алда болды. Олар Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін азаптан құтқарып, бостандық жолына алып-шығамыз деген тұжырымға келді. Осы кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған бүкіл алаш зиялылары жиналып, Алаш партиясын құрған болатын.

20 мамыр күні Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай Алматы облысы, Талдықорған қаласында аламан бәйге өтеді. Бәйгеге арнайы сый-сыйапаттар мен арнайы кубок әзірленген. Бүгін осы бәйгені ұйымдастырушы, Алматы облысы бойынша ұлттық спорт түрлерінің жанашыры, жергілікті кәсіпкер Бауыржан Барлыбаев тілшілермен кездесіп, аламан туралы айтты.

- Алаш арыстарына арнап республикалық деңгейде бәйге ұйымдастыру жыл басынан бері жадымызда жүрген ой еді. Соның сәті мамыр айына түсіпті. Ұлтына жанашыр жандардың демеуші болуымен аламан бәйгені ұйымдастырып жатырмыз. Аламан болып қана қоймай, ас беріледі. Ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылады. Көкпар да өтеді. Қатысушылар бәйгеге аттарын жарнасыз қосады. Себебі біз бұл бәйгені қаржылық мақсатта ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Атқа мінген Алаш жұрты ат салысып, аламанға өз тұлпарларын қоспақ, - деді. 

1
Рейтинг: +1

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 15 мамыр 2017, 18:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.