Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Елбасының жазушылармен кездесуі (видео)

Елбасының жазушылармен кездесуі (видео)

Елбасының жазушылармен кездесуі (видео)

Мемлекет басшысы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты.

Елбасы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сәттілік тіледі, сондай-ақ оларға ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мәселелер қамтылды.

Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды.

Тәуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мәселелері талқыланды. Мәселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мәдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ әлемнің жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы әңгімеге арқау болды.

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақстандықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.

911 2
Рейтинг: +1

Фото: akorda.kz
Қосылған күні: 21 сәуір, 09:04
Пікірлер
+0
21 сәуір, 11:55

Нұрсұлтан Назарбаевтың көп оқығантерең адам екенін байқадым. Бексұлтан Нұржекеев, сіз кереметсіз!

+0
21 сәуір, 16:22

Иә, Назарбаев кең көсіліпті.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...