Мүшәйра: "Арыстар – елдің ардағы"

Мүшәйра: "Арыстар – елдің ардағы"
Фото: Жизнь Таганрога

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Арыстар – елдің ардағы» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйраның мақсаты:
Алаш арыстарын ардақтау, оларды жастардың арасында кеңінен дәріптеу. Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және де өнер иелерін,олардың ішінде,өлең иелерінің өрісін кеңейтуге ықпал жасау.

Мүшәйраның шарты:
1. Алашорда үкіметі туралы патриоттық өлең(Алаш арыстарына да арнауға болады);
2. Еркін тақырыптағы өлең.

Байқау кезеңдері:
– байқауға ұсыныс білдірген ақындардың өлең-жырларына іріктеу жүргізіледі;
– Ақтық байқау 2017 жылдың 27 cәуір күні Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінде өткізіледі.

Байқау шарттары:
– байқауға тек университет студенттері ғана қатыса алады;
– шығарма көлемі 10 шумақтан, орындау уақыты 5-6 минуттан аспауы керек;
– талапкерлер өздері жазған және таңдап алған шығармаларды жатқа білулері қажет.
Байқауға қатысуға ұсыныс білдірген ақындардың өлең-жырларын арнайы құрылған сараптама тобы қарап шығады, іріктеуден өткен үміткерлер ғана 27 сәуір күні өтетін ақтық байқауға қатыстырылады.

Байқауда қазылар алқасы үміткерлердің:
– өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына;
– ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне;
– шығармаларды жатқа оқу шеберлігіне назар аударады. 

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысушы үміткер туралы мәлімет
• аты-жөні
• туған жылы
• оқу орны
• өлеңдері (электронды нұсқасы Times New Roman 14 қаріпте)
23 сәуірге дейін төмендегі мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

E-mail: kaznitu.baisheshek@mail.ru
Байланыс телефондары: Тимур 8 707 217 00 97 
Есхат 8 747 160 69 87

М. Ақан