"I am а singer" тележобасы "Хабар" арнасынан көрсетілетін болды

Қайталанбас ерекше даусымен миллиондаған тыңдармандардың таңдайын қақтырған отандасымыз, талантты жас әнші Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан Қытайдағы "I am a Singer" ән байқауы отандық телеарнадан таратылатын болды. 

Бұл жөнінде "Хабар" агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

"Қазақ елі дарындарын қолдайды! "Хабар" агенттігі Димаш ұлын қолдайды! "Ештен кеш жақсы" дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келсісөздер артта қалды. Алла қаласа жаңа көктемгі маусымнан бастап “Хабар” арнасы ҚХР-да өтіп жатқан “I am а singer” жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымды отандық көрермен назарына ұсынатын болады. Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!", - деп жазды Ринат Кертаев.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың 9-кезеңінде әлемдік хит "All by Myself" әнін орындап, 2-орынды иеленді. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы