Ыстамбұлда Бекмаханов туралы екі кітап жарық көрді

Ыстамбұлда Бекмаханов туралы екі кітап жарық көрді
Фото: ult.kz

Өткен жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары түрік және ағылшын тілдерінде “Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері” атымен бүгін жарық көрді.

Түркі Дүниесі Қала Әкімшіліктері Одағының басылымдары арасында шыққан кітапта Түркия, Қазақстан және АҚШ-нан ғалымдардың баяндамалары орын алуда. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұніуерситетінен Алтайы Оразбаева, сегіз ғалым да ат салысқан кітапта Түркия мен АҚШ-тан тоғыз зерттеушінің де баяндамалары түрік және ағылшын тілдерінде екі том жарияланып отыр.

Кітаптың тұсаукесер жыйналысы 2016 жылы, 10 желтоқсан күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығында жасалмақ.

dsc_0071-2

2015 жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

Сонымен қатар белгілі ғалымдар мен баспасөз өкілдері қатысады деп күтілген осы басқосуда “Зуқа батыр және заманы” атты қазақ тіліндегі кітаптың таныстырылымы болмақ.

Әбдіуақап Қара

Н. Айдархан