Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қазақстанда үш мемлекеттік ЖОО-ның ректоры таңдалды

Қазақстанда үш мемлекеттік ЖОО-ның ректоры таңдалды

Қазақстанда үш мемлекеттік ЖОО-ның ректоры таңдалды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшылары лауазымына үміткерлерді анықтау бойынша Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз орталығы.

Отырыс барысында Республикалық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттармен танысып, конкурс қатысушыларымен сұхбат жүргізді. Онда үш университеттің ректоры лауазымына үміткерлер іріктелді. Атап айтқанда, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Барлық үміткерлер жоғары білімі, 5 жылдан кем емес басшылық лауазымда жұмыс өтілінің болуы, сондай-ақ, ЖОО дамыту бағдарламасының болуы жағынан қойылып отырған талаптарға сәйкес келетінін атап өткен жөн. Сапалық құрамы жағынан байқауға білім және ғылым жүйесінің 26 өкілі қатысты (16 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты).

Үміткерлермен сұхбат және олар ұсынған ЖОО дамыту бағдарламасын талқылау нәтижесінде Республикалық конкурстық комиссия Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры бос лауазымына тағайындауға Марат Ибатовты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Қуат Баймырзаевты және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры бос лауазымына Алтынбек Нұхұлын тағайындауды ұсынды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік ЖОО-ның ректорларын тағайындау ережесі өзгерді. Енді жаңа талаптарға сәйкес ректорлардың тағайындалуы ашық конкурс негізінде жүргізіледі. Бұған дейін мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрінің жеке шешімімен тағайындалып келді. Сондықтан, ректорлар корпусының біраз бөлігі аталған лауазымда 3 жыл сайын екі мерзімнен аса уақыт иеленіп келді. Бұған дейін хабарланғандай, бұл жаңашылдық қазақстандық жоғары оқу орындарының басқару құрамын сапалы толтыру және басқару дербестігін ұлғайту, сондай-ақ, қоғам алдындағы есептілікті күшейту қажеттігінен туындап отыр.

Биыл қазан айында ЖОО-ның бақылаушы кеңестерінің отырыстары өткізілді, онда үміткерлер ұсынған оқу орнын дамыту бағдарламалары қаралды. Оның қорытындысында ЖОО-ның бақылаушы кеңестері құпия дауыс беру арқылы Республикалық комиссия қарауына ұсыну үшін кандидаттарды анықтады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Taлғат Кіршібаев
Фото: primeminister.kz
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2016, 10:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.