Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасымен кездесті

Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасымен кездесті
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі жолдары, атап айтқанда, мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған құқықтық шешімдерді қамтамасыз ету жоспарлары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев В.Володинді Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтады.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестігіне негізделген интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында В.Володин Мемлекет басшысын және республика тұрындарын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

– Қазақстанның қалай дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Елдеріңіз тәуелсіздік алғаннан бері зор табыстарға жетті. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономиканың түрлі саласында жетістіктерге қол жеткізілді, Астананың даму қарқыны артты, – деді Мемлекеттік Думаның төрағасы.

В.Володиннің Қазақстанға келуі оның Мемлекеттік Дума төрағасы ретіндегі шетелге алғашқы сапары болып саналады.

T. Кіршібаев