Тәуелсіздік тойына тарту!

Тәуелсіздік тойына тарту!
Фото: zhetysu.gov.kz

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорғанның Тәуелсіздік және Шевченко көшелерінің қиылысындағы үй ауласында орналасқан жаңа спорттық алаңқай аула тұрғындарының пайдалануына берілді, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарына мерейтой қарсаңында осы қажетті нысанды «Стройсервис-97» ЖШС тарту етті. Мұнда азаматтардың спортпен айналысуы үшін 10 шақты спорттық құрылғылар орнатылған. Енді  талдықорғандықтар  жыл он екі ай осы алаңқайларда дене жаттығуларымен айналыса алады.

Бүгінгі күні бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Талдықорғанның 5 ауласында дәл осындай алаңқайлар орнатылған.

T. Кіршібаев