«Almaty Invest 2016» форумы аясында 300 млрд теңгенің меморандумы жасалды

«Almaty Invest 2016» форумы аясында 300 млрд теңгенің меморандумы жасалды
Фото: almaty.gov.kz

Бүгін Алматыда IV Халықаралық «Almaty Invest 2016» инвестициялық форумы басталып, оған құрамында беделді саясаткерлер, инвестициялық корпорациялар, қаржы институттарының және халықаралық ұйымдардың басшылары бар 500-ден астам адам қатысты, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Форумның жұмысын ашқан мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Алматының жақсы бизнес ахуалы бар жоғары инвестициялық тартымды қала екендігін атап өтті.

«Қалада 183 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорындар бар, оның 14 мыңы шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейді, 10 алматылықтың 7-і шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Алматы - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капитал қаласы, мегаполис ел экономикасының бес бөлігін береді. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офистері, банктердің негізгі офистерінің 90 пайыздан астамы орналасқан. Біз диалогқа, жаңа ұсыныстарға үнемі ашықпыз. Қалада инвесторларды қолдау Орталығы жұмыс істейді, ондағы мамандар әр жобаға талдау жасайды. Алматыда қажетті инфрақұрылымдардың барлығы жасалған, әсіресе инвестициялық аухалға ерекше мән беріледі, сондықтан да біз шетелдік компанияларды өз өндірістерін осында ашуға шақырамыз», -деді Б.Байбек.

Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров Қазақстан Үкіметінің алдында тұрған басты міндет инвестициялық ахуалды жақсарту екендігін атап өтті.

«Осы ретте біз ОЭСР стандартарына жүгінеміз. Осыдан бір ай бұрын ОСЭР-дің инвестициялар жөніндегі Комитеті Қазақстанды ассоциирленген мүше ретінде комитетке шақырды. Бұл инвестициялық ахуал динамикасының жақсарып келе жатқандығын көрсетеді.Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табуда, инвестициялық ахуалдың ауқымы кең- такси жүргізушінің ағылшын тілін білунен бастап, денсаулық сақтау деңгейін жақсартуға дейін қамтиды. Келер жылдан бастап Қазақстанға 55 елдің азаматтары 30 күнге дейін визасыз кеелетін болады, ал бұл туристер легін арттырады», - деді Е.Хаиров.

Форум барысында шетелден келген қатысушыларға Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы экономикалық аймағының жоғары әлеуеті көрсетілді, бұларда жапондық «Tokyo Rope» компаниясына орын бөлініп қойған.

«Бүгінгі күні біздің компанияның Жапонияда жеті зауыты, сонымен қатар ҚХР, Вьетнам мен АҚШ-та бірнеше өндіріс орындары бар. ТМД нарығына қатыса отырып, біз үлкен әуелетке ие болдық. Өндірісті өзге жерге көшіру сөз болғанда, бірден Алматыны таңдап, осында зауыт аштық. Өйткені, қаланың аумағы кең, ел саяси және экономикалық жағынан тұрақты. Көпшілік болып қолға алу арқасында өндірісті төрт ай ішінде іске қостық. Зауыттағы қондырғылар әлемде қайталанбайды. Біздің жүзеге асырған істеріміз өзге компанияларға үлгі болып, олар Қазақстан нарығына еш ойланбастан батыл түрде енеді деп ойлаймын», - деп атап өтті өзінің сөзінде Tokyo Rope MFG бірінші вице- президенті Казунори Сато.

IV Халықаралық «Almaty Invest 2016» инвестициялық форум аясында 300 миллиард теңгенің 53 меморандумы жасалды.

Алматы қаласының Ауылшаруашылық басқармасы «Немецкий двор» ЖШС-пен «Органикалық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға келісім жасады. Сонымен қатар, май өнімдерін шығаратын комбинатты модернизациялау үшін «Eurasian Foods Corporation» ЖШС пен «Масло-Дел»ЖШС, Алматы апортын отырғызу және сорттау желісін жасау үшін «Apple World»ЖШС, «ЭФКО Алматы» ЖШС пен келісімге қол қойды.

«Алматының индустриалды аймағы» ЖШС жылыжай кешенін салу және қапталған көкөніс өндіру үшін «Bioteera» ЖШС, оргтехника картриждерін шығаратын зауыт салу үшін «DOC Co. LTD» ЖШС, зауытты көшіру және скотчтар мен стрейч пленкаларын өндіру үшін«KazTigerTape» ЖШС, медициналық препараттар шығаратын зауыт салу үшін «Medical House «Akzhol» ЖШС, әйелдердің гигиеналық заттарын шығаратын зауыт салу үшін «LS products» ЖШС, дайын металл бұйымдарын шығароу үшін «MetallPromGroup» ЖШС, фармацевтикалық зауыт салу үшін «Medical Union Pharmaceuticals» ЖШС мен келісім- шарттар жасалды.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Алматы қаласында франчайзинг нарығын дамыту және бірігіп жұмыс істеу мақсатында қазақстандық және ресейлік франчайзинг ассосацияларымен, Алмаарасан қойнауында көпфункционалды кешен салу үшін «Алгабас и К» ЖШС, бизнес орталық пен бұрыннан бар қонақүйді кеңейту үшін «SALEM Hotel management» ЖШС, Көктөбеде мейрамхана салу үшін «Меркур Холдинг» ЖШС, Медеуде көпфункционалды кешен салу үшін «SADU Development» ЖШС, бизнес орталық салу үшін «Алатау Инвест» ЖШС, «MagnumCash&Carry» гипермаркетін салу үшін «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «ForumAlmaty» ОСО салу үшін «А-ТА СТРОЙ» ЖШС, «OBI» гипермаркетін салу үшін «ASADELDIYALMATY-1» ЖШС, сауда және ойын- сауық орталығын салу үшін «Национальная агропромышленная корпорация» ЖШС, сауа орталығының екінші кезегін салу үшін «Moskva Metropolitan» ЖШС келісім жасалды.

Туристік саланы дамыту барысында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Novotel» қонақүйін салу үшін «Alterra Inn» ЖШС, «Hilton», мейманханасын салу үшін «Абли Курылыс»ЖШС, «Tour Media Systems» ЖШС қонақүй салу және бірігіп workshop өткізу үшін The Silk Road (China) ЖШС келісім шарттарды жүзеге асырды.

T. Кіршібаев