«Болашаққа хат» капсуласын салтанатты табыстау рәсімін өткізіледі

«Болашаққа хат» капсуласын салтанатты табыстау рәсімін өткізіледі
Фото: kaztrk.kz

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан студенттер Альянсымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына сақтауға берілетін «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 50 жылдығы жастарына жазылған тілек («Болашаққа хат») капсуласын салтанатты табыстау рәсімін өткізуді жоспарлады. 

Аталған шара 2016 жылғы 15 желтоқсан сағат 15.00-де Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының Тәуелсіздік залында өтеді. Капсуланы табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып отыр. Капсулаға Қазақстан жастарына арналған үндеу хат салынады. 

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Ұлттық музей өкілдерінің, белсенді жастар мен жастар ұйымдарының қатысуымен өткізіледі. 

Ж. Жұмағұлов