Алматыда «Жас кәсіпкерлердің диалогтық форумы» өтті

Алматыда «Жас кәсіпкерлердің диалогтық форумы» өтті
Фото: Нурсултан Арыстанбаев

26 қараша күні жас кәсіпкерлердің эксклюзивті Диалогтық форумы өтті. Бұл форумды Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы ұйымдастырды.

Диалогтық форум екі негізгі бөлімнен тұрады: «Young Enterpreneurs Store» – жас кәсіпкерлердің әртүрлі қызметтері мен өнімдері ұсынылатын уақытша сауда алаңы және кәсіпкерлердің шеберлік сабақтары. Спикерлердің арасында «DiningSmart», «Keremet Art» және «Foodystan» жобаларының негізін қалаушы Жібек Қараманова, ТОО KunTech компаниясының негізін қалаушы Дияз Байсеитов, ТОО JABE компаниясының негізін қалаушы Гульжан Калиева және Bolashak Engineering компаниясының Алматы қаласындағы филиалының басшысы Бауыржан Усманов болды.

Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина, Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Олжас Қанапияев және Selfmade жобасының жетекшісі Даурен Бабамұратов сөз сөйледі. «Young Entrepreneurs Store» уақытша сауда алаңы мен шеберлік сабақтары аяқталғаннан кейін барлық қонақтар үшін фуршет ұйымдастырылды. 

Форумға «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, жас кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, білім және ғылым саласының өкілдері, Алматы қаласының жастар ұйымдарының және мемлекеттік органдарының өкілдері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Ж. Жұмағұлов