Алматыда қазақстандық- чехиялық бизнес форум өтті

Алматыда қазақстандық- чехиялық бизнес форум өтті
Фото: almaty.gov.kz

Бүгін Алматыда қала әкімі Баурыжан Байбектің және Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі Любомир Заоралек тің қатысуымен қазақстандық- чехиялық бизнес фрум өтті- деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды, екі ел кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайтуды сөз етті.

Алматы әкімі қаланың чехиялықтармен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ынталы екендігін жеткізді.

«Алматы еліміз экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капиталы қаласы. Сервис пен сауда ЖӨӨ-дің 86% -ын құрайды, мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60 -тан аса офис і бар, банктер офистерінің 90% -да осында. Бүкіләлемдік «Doing Business» банкінің ретйнгісінде Алматының көрсеткіші бойынша Қазақстан 35 орынды иеленді», - деді әкім.

Б.Байбек Чехия компанияларын импорттық өнімді алмастыру үшін Алматыға шақырды.

«Бұл үшін бізде барлық қажетті жағдайлар түгел жасалған, инвесторларға қолдау көрсету заң жүзінде жүзеге асады.Алматының арнайы экономикалық аймағындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мен Индустриалды аймаққа қатысу екі жақты тараптар байланысын күшейтер еді», - деді ол.

Л.Заоралек арнайы делегацияның Қазақстанға ат басын бұруының өзі чехтық кәсіпкерлердің осында бизнес жасауға ынталы екендігін көрсетеді деді.

«Біздің еліміз нана- технологияда жетекші орында және бағдарламалар жасау саласы дамыған. Ғылыми- зерттеу саласында ынтымақтастықты арттыру маңызды», - деді Чехия министрі.

Шара барысында екі ел кәсіпкерлері форумның негізгі бөлігінен соң өткен В2В бойынша кездесуде жақын танысты.

T. Кіршібаев