Парламент салық саясатын жетілдіру жөніндегі заң жобасын қабылдады

Парламент салық саясатын жетілдіру жөніндегі заң жобасын қабылдады
Фото: economy.gov.kz

ҚР Парламент Сенатының пленарлық мәжілісінде «ҚР салық айналымы және кедендік әкімшілендіру жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қабылданды, - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Заң жобасын таныстыра келіп, ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсынылып отырған өзгерістер қолайлы кәсіпкерлік орта құруға, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға және ағымдағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. Мәселен, бизнеске салықтық және әкімшілік қысымды болдырмау мақсатында қолданыстағы қосымша құн салығы бойынша 2017 жылды қоса алғанда, төмен шекті мәнді (30 000 айлық есептік көрсеткіш) сақтай отырып, одан әрі кезең-кезеңмен 2020 жылға қарай 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (31,8 млн. теңге) төмендету ұсынылады.

Бұдан басқа, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында асыл тұқымды малдың өлім-жітімі мен малды шарасыздықтан сою кезінде белгіленген нормативтер шегінде қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктер беру көзделген.

Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарына арналған акциздердің фискалдық функцияларын күшейту мақсатында акциздерді кезең-кезеңмен арттыру ұсынылады.

Қаржы секторы бойынша түзетулер жеке бөлім бойынша қарастырылып отыр. Олар банктер алдында мерзімінен кешіктірілген қарыз алушыларға көмек көрсетуге, несие портфеліндегі үмітсіз қарыз деңгейін азайтуға және күмәнді және үмітсіз несиелер бойынша қарыз жүктемесін азайтуға бағыттылған.

Бұдан басқа, елдің транзиттік әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында теміржол-паромдық көлікпен тасымалдау халықаралық тасымалға жатқызу жөнінде түзету ұсынылып отыр, яғни қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Сонымен қатар, заң жобасында салықтық әкімшілендіру бойынша түзетулер блогы қарастырылып отыр. Оның ішінде, жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялауды, электрондық шот-фактураны енгізу мерзімдері ұзартылады, мониторинг жасалуы тиіс ірі салық төлеушілердіің тізімін жасаудың тәртібіннақтыланады. Сондай-ақ, кедендік әкімшілендіру бойынша кедендік транзит пен кедендік операцияларды жүзеге асыруды оңайлату бөлігіне түзетулер ұсынылады.

T. Кіршібаев