Астанада «Оқушылардың денсаулығын сақтайық!» акциясы өтті

Астанада «Оқушылардың денсаулығын сақтайық!» акциясы өтті
Фото: info-torg.ru

Мектеп жасындағы балаларға медициналық көмекті интеграциялау бойынша Жол картасы шеңберінде және мектеп медицинасын Денсаулық сақтау Басқармасының құзіретіне өткізу науқанына дайындық мақсатында елордада «Оқушылардың денсаулығын сақтайық!» кең көлемді акциясы өтті. Оған мектеп оқушылары және олардың ата-аналары - 4000-нан астам тыңдаушы қатысты. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акция барысында «Сау тамақтану алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын алу ретінде», «Фастфудтың денсаулыққа зияны туралы», «Оқушының тамақтануы», «Газдалған сусындардың және энергетиктердің қаупі» тақырыптары талқыланды.

Акция барысында медициналық қызметкерлер ата-аналарға және оқушыларға мектеп медицинасын Денсаулық сақтау басқармасының құзіретіне беру оқушылар денсаулығының жағдайын бақылауға мүмкіндік беретінін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, бұл медициналық және дәрігерлік қызметті уақытында көрсетуге жағдай жасайды. Және балаларды сауықтырудың қолжетімділігі мен уақыттылығының өзектілігін анықтауға, оқу процесін сауатты ұйымдастыруға көмектеседі, балалардың физикалық денсаулығын арттыруға мүмкіндік беріп, оқушылардың сау тамақтануын қамтамасыз етеді.

Еске салсақ, мектеп медицинасының білім жүйесінен денсаулық сақтау мекемесіне өтуі 2017 жылы іске асады.

T. Кіршібаев