Астана National Geographic Traveler сыйлығына ие болды

Астана National Geographic Traveler сыйлығына ие болды
Фото: expo2017astana.com

2016 жылғы 17 қарашада – National Geographic Traveler (Ресей) журналының редакциясы Қазақстаннның бас қаласы – Астананы қарқынды дамуы және жоғары туристік әлеуеті үшін «Болашақ қаласы» арнайы сыйлығымен марапаттады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«Келесі жылы Астана ең жарқын көрмелердің бірі – «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017-ні өткізеді. Бұл жаһандық іс-шара Қазақстанның астанасына бүкіл жер жүзінен туристерді тартады», – деді марапатты алғаннан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаева.

Ол Көрме қонақтарын 3 000 тақырыптық және ойын-сауық іс-шаралары, соның ішінде жарқын және еске қаларлық шоу, концерттер, шерулер мене арнайы қойылымдар күтуде екендігін атап өтті.

National Geographic Traveler Awards 2016 (NGTA) рәсімі бейсенбі күні кешке Мәскеуде өтті.

National Geographic Traveler журналының бас редакторы Ольга Яковина өз кезегінде NGTA  халықаралық сыйлығына туристік «Оскар» атауын беруге болады деп ерекше атап өтті.

«Осы жылы сыйлық әріптесі Қазақстан, атап айтқанда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы болды. Қазақстан – бұл үлкен әлеуетке ие, келешекті бағыт. Оған деген қызығушылық өсуде, және біз туризм және саяхат туралы халықаралық және ресейлік басылым ретінде бұл ақиқатты назарсыз қалдыра алмадық", – деді О.Яковина.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы сыйлық әріптесі ретінде Қазақстан бойынша туристік бағдар байқауының қатысушысына көрмеге баруға сертификат тапсырды. Сөйтіп, Қазақстан бойынша, атап айтқанда, Тянь-Шань тауларындағы суға батқан қайыңды шоқ - Қайыңды көлдеріне саяхат туралы әсерлі эссе жіберіп, 45 үміткерді озып шыққан ресейлік Мария Мещерякова «Қазақстан – жаңалықтар уақыты» номинациясы бойынша жеңді.

«Қазақстанда әлі болған емеспін, бірақ менің осы елден келген курстастарым ғажайып Көлсай көлдері, оның бірі Қайыңды туралы айтқан болатын. Мені бұның қызықтырғандығы соншалық, мен байқауға қатысуды шешіп, арманымдағы саяхат бағдарын құрдым»,  деді М.Мещерякова.

T. Кіршібаев