Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 6 млрд теңгеге артты

Бөлшек сауда көлемі 2016 жылғы қаңтар-қазанда 6 071,9 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 100,6%-ды құрады, - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сәйкес кезеңде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 3 271,7 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 103,6%-ды құрады. Сонымен қатар, ірі сегмент кәсіпорындары бойынша (жұмыскерлер саны 50-ден жоғары) бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2015 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 95,8%-ды құрады.

Дара кәсіпкерлердің, соның ішінде базарларда саудамен айналысатындардың бөлшек сауда көлемі жалпы көлемнің 46,1%-ын алады, өткен жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда олардың көлемі 2,7%-ға төмендеді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,2%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеп, азық-түлік тауарлары  7,1%-ға өсті.

2016 жылғы 1 қарашаға бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындары (есепті тапсырған кәсіпорындар бойынша) тауарлық қорларының көлемі 384,1 млрд. теңгені, саудадағы күндері 56 күнді құрады.

2016 жылғы қаңтар-қазанда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (28,7%), Астана қаласына (10,9%), Шығыс Қазақстан (9,3%) және Қарағанды облысына (9%) келеді.

Бөлісу: