Алматыда ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін төрт жаңа орталық ашылды

Алматыда ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін төрт жаңа орталық ашылды
Фото: almaty.gov.kz

Жаңа психологиялық – педагогикалық түзету Орталығы қалалық Білім басқармасы мен «Дара» қайырымдылық қорының бірігіп жұмыс істеуі арқасында ашылды. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек осы мекемеде болды. Жаңа орталық №128 орта білім беретін мектеп базасында ашылды әрі 2016 жылы ашылған төртінші түзету мекемесі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде мегаполисте ерекше күтімді қажет ететін 7 мыңнан астам бала бар. Соңғы 9 айдың ішінде психологиялық – педагогикалық түзету кабинеттерінде 877 балаға көмек көрсетілді, ал 5588 бала психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациялардан өтті. Жаңа мекеменің ашылуы барысында 55 жаңа тұрақты жұмыс орны пайда болды әрі жылына 800-ден астам бала оңалту мүмкіндігіне ие.

«Дара» қайырымдылық қорының директоры Мәдина Бакиева Орталықтағы әр балаға түзету көмегін көрсетумен арнайы мамандардың айналысатынын, оларға жеке әрі топтық қолдаулар жасалатынын айтты. Сонымен қатар, жеке және топтық сабақтар да өтеді. Бұдан былай көзі нашар көретін, құлағы шалыс еститін, қиын қозғалатын, сабақты ауыр қабылдайтын кез - келген баламен жоғары білікті психолог, сурдопедагог, логопед, массажист, дефектолог жұмыс істеп, кешенді көмек көрсететін болады.

Негізінен, Орталық қажетті заманауи оңалту құрал- жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген, олар: емдік дене шынықтыру жаттығуларына арналған кешендер,Монтессорри құрал-саймандары, «Дельфа» есту мен сөйлеуге ықпал ететін компьютерліқ бағдарламалар, дамыту ойындары мен материалдары. Екі орталықта есіктер тоспаларынсыз, табалдырықсыз, түс белгілерінсіз, тұтқаларсыз, бір сөзбен айтқанда «кедергісіз» орта құрылған. Мұндай орта балаларға ерекше әсер етеді.

«Дара» - жаратылысында ауытқулары бар балалармен және жетім балалармен 10 жылдан бері нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан жеке қайырымдылық қоры. Қордың миссиясы балалардың тұрмыс жағдайын, даму мүмкіндіктері мен оңалту шараларын жақсартуға, дұрыс білім алуына бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

 

T. Кіршібаев