Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: alau.kz

Синоптиктер 2016 жылдың 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

- Синоптиктердің болжамына қарағанда, демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысы циклон мен салқын атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Еліміздің солтүстігіндегі аймақ тұрғындарына қар жауу, бұрқасын және секундына 15-25 метр қатты желмен суық ауа райын күтуге тура келеді. Республиканың оңтүстік-шығысында сенбі және дүйсенбіде кей жерлерде жауын-шашын болады. Ал жексенбі айтарлықтай жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, - деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болатыны айтылды.

Ө. Сансызбай