ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған делегация ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. 

Б. Сағынтаев өз баяндамасында халықаралық лаңкестікпен күрес және осы бағыттағы ортақ әрекеттерді үйлестіру тақырыбын қозғады.

«Қазақстан әрдайым халықаралық лаңкестікке қарсы ортақ күреске, бәрін қамтитын қауіпке қарсы әрекеттегі ұжымдық күш салысуларды қолдауға атсалысқан, атсалысатын да болады», - деді Б. Сағынтаев өз баяндамасы барысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр ҰҚШҰ форматында және 2025 жылға дейінгі  ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздігі Стратегиясында лаңкестік ретінде танылған Бірыңғай ұйымдар тізімін қалыптастыру туралы Ережеге қол қоюдың маңыздылығын баса айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме қабылданып, 20-дан астам құжатқа қол қойылды, оның ішінде халықаралық лаңкестікке және экстремизмге қарсы әрекет етудің қосымша шаралары туралы шешімдер, сондай-ақ, 2020 жылға дейінгі мерзімдегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштеріне әскери кадрларды дайындау шешімі бар.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы 2017 жылы Беларусь Республикасында өтеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер қандай?
Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер қандай?
"Алтын тобылғы-2020" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
"Алтын тобылғы-2020" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"
Қытай зонды Айдан топырақ сынамасын алды
Қытай зонды Айдан топырақ сынамасын алды
Mastercard Black Edition мәртебелі картасымен қалай миллионер атануға болады?
Mastercard Black Edition мәртебелі картасымен қалай миллионер атануға болады?
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын