Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде
Фото: almaty.gov.kz

Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақаралық серіктестік аясында Алматы қаласының «Астана» алаңында Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласының өнімөндірушілері 240 тонна өнімдерін жергілікті халыққа ұсынды. Сонымен қатар аталмыш жәрмеңкеге Алматы қаласының 40 жуық сауда және тамақ өнеркәсіптік мекемелері қатысып, қызу атсалысты.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаевтар арнайы қатысты.

Жәрмеңкеде жергілікті тұрғындарға 30 тоннаға тарта ет өнімдері, 16 тонна сүт, 5 тонна шұжық өнімдері мен 5 тонна қант-құмшекері, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер, 2 тонна бал, 160 тоннадан астам жеміс-жидектер мен көкөністер т.б. ұсынылды.

Жәрмеңкедегі азық-түлік тауарларының барлығы да нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағамен сатылымға шығарылды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда соңғы сегіз жылдан астам уақыт аралығында дәстүрлі түрде ауылшаруашылық Жәрмеңкелері ұйымдастырылып, белсенді өткізіліп келеді.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты да айқын – шаһардағы азық-түліктердің нарық бағасын тұрақтандыру болып табылады.

T. Кіршібаев