Алматыда ТМД елдері салық органдарының форумы өтті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек ТМД елдері салық органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің ХХІІІ отырысына қатысты. Қала әкімі Б. Байбек мегаполистегі, салық органдарының қызметін жоғары маңыздылығын атап өтті.  Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"Алматы, Мемлекеттік кірістің үштен бірін қамтамасыз етеді, бұл қала донор, жалпы Мемлекет басшысы саясатының арқасында алматылықтар табыс табуға үйренді. Біз Алматы - бизнес және жеке капитал қаласы дейміз,осылайша статистикаға қарасақ Тәуелсідіктің 25 жылы ішінде Қазақстан экономикасы 20 есе өскендігін көреміз, Алматының ВРП 100 есеге өскен. Тұрғындардың табыс деңгейі ел бойынша орта көрсеткіштен 2,2 есеге жоғары. ВРП АҚШ долларымен 41 млрд құрайды, бұл біздің аймақ үшін - және жаһандық салыстыуға қарағанда жақсы нәтиже ",- деп атап өтті әкім.

Сондай ақ әкім басты назарды 7 басымдылықта негізделген "Алматы-2020" бағдарламасына аударды.   Ол салық қызметінің жұмысы өмір сүруге қолайлы қала-негізгі бағыттарының бірінің дамуына әсер ететінін және қосымша инвестиция мен шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.  

"Өткен жылы біз экономиканың өсуін 4,2% көрдік. Осы жылы тағы да жақсы көрсеткішті күтудеміз. Жалпы айтар болсақ ағымдағы жылдың 9 айына болжам бюджет 80 пайызға орындалды. Әрине біз оған қуаныштымыз, КжОБ саласынан салық түсім үлесі 40% жоғары, бастапқыда 10% бастаған едік",- деді Б.Байбек.   

Ескере өтейік, соғы 15 жылда ел бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер 9 есеге өскен. Егерде 2000 жылы 393 млрд.теңгені құраса, 2015 жылы 5,1 трлн.теңгені құрады. Шара барысында қаржы-экономика саласындағы ТМД мемлекет- мүшелерімен өзара әрекеттесу сұрақтары да талқыға салынды. Талқылаудың бас тақырыбы тауарларға электрондық шот-фактуралар және ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мен кедендік және салық жүйелерін біріктіру бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер салық органдарының тәжірибесі болды. Қазақстандық тарап «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды әкелу және айналымға салудың кейбір сұрақтары» атты хаттаманы іске асыру мақсатында енгізілген «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі туралы айтып берді.