«Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени саяхаты Петропавлға жетті

«Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени саяхаты Петропавлға жетті
Фото: 24.kz

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени саяхаты Петропавлға жетті.

«Абылай хан резиденциясында» ашылған көрмеге «Алтын адамның» үлгісі қойылды. Құнды жәдігердің өзі 1970 жылы Есік қорғанынан табылды. Оның киімі ең жоғары сынамалы 4 келі алтыннан құйылған. 4 мыңдай әшекей-бұйымдар бар. Зиялы қауым, жастар мен қаланың қарапайым тұрғындары «Алтын адамды» жақыннан көріп қана қоймай, сақ тайпасының мәдениетімен де танысты.

Қанат Сейітов, мектеп оқушысы: - «Алтын адам» туралы жаңа көп деректер білдім. Осында оның қару-жарақтарын көрдік. Қандай киім кигенін, қандай қарумен соғысқанын көрдік. Ол туралы жаңа мәліметтер көрдік, естідік және оқыдық.

Алпамыс Шәрімов, жоба жетекшісі: - Біз осыдан бұрын Батыс Қазақстанды, Оңтүстік облыстарын, Орталық Қазақстанды, Шығыс Қазақстанды аралап, мінекей, Солтүстік Қазақстанға да келіп жеттік. Енді бұл біздің келіп отырған оныншы қаламыз. Дәл статистика бойынша әр қалада күніне 1 мыңнан астам адам келіп, осыны тамашалады. Себебі біздің көрме тегін және де 3 күн бойы жалғасын табатын болады.

Дереккөз: 24.kz

Б. Қанатұлы