Қазақстанда ЖОО-ларға даму бағдарламалары негізінде академиялық және басқару дербестігі беріледі

Қазақстанда ЖОО-ларға даму бағдарламалары негізінде академиялық және басқару дербестігі беріледі
Фото: inform.kz

Ииндустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) аясында базалық ЖОО-ларға даму бағдарламалары негізінде академиялық және басқару дербестігі беріледі, деп мәлімдеді ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

«Келешекте ИИДМБ аясында базалық ЖОО-ларға даму бағдарламалары негізінде академиялық және басқару дербестігін беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік және ұлттық ЖОО-ларды жаңа ұйымдастыру-құқықтық формаға - 100% мемлекеттің қатысумен коммерциялық емес акционерлік қоғамға өзгерту қарастырылуда. Жекеменшік ЖОО-ларды коммерциялық емес білім беру ұйымдарына өзгерту бойынша шаралар қабылданады», - деп атап өтті Д. Ахмед-Заки.

Оның айтуынша, түлектер бүгін құзыретке ие болып, нарықта барынша бәсекеге қабілетті болуы керек, сонда олар еңбек жолында жалдамалы жұмыс істеу үшін жаңа әдістерді дамытады.

Д. Ахмед-Заки студентке бағытталған оқыту және еңбек нарығына бейімделген білім беру бағдарламалары, кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайту нәтижесінде түлектердің дайындық сапасын арттыруға және еңбекпен қамтылуына септігін тигізетінін айтты.

Қазақстанда «бүкіл өмір бойына білім алу» қағидасы Ұлттық біліктілік жиектемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорындармен және шетелдік серіктес ЖОО-лармен бірге білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибеге Қазақстан Республикасы индустриалық-инновациялық дамудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын базалық ЖОО-лар ие. 2017 жылы осы білім беру бағдарламаларының алғашқы түлектері еңбек нарығына шығады.

Б. Қанатұлы