2016 жылы Қазақстандағы дайын отандық киім экспорты екі есеге артты

2016 жылы Қазақстандағы дайын отандық киім экспорты екі есеге артты
Фото: forbes.net.ua

Қазақстан отандық фабрикалардың шығаратын дайын киімдерін көбірек экспорттай бастады, - деп хабарлайды "massaget.kz" порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«KAZNEX INVEST» мәліметі бойынша, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында тоқыма мен тоқыма бұйымдарының экспорты 52,5 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімдегі көрсеткішімен салыстырғанда 18,3%-ға артқан.

Бұдан өзге, киімдер мен киімге қажетті жабдықтардың экспорты 2,4 есеге өсті, 9,1 млн-нан 21,6 млн долларға дейін.

Биыл «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі отандық тоқыма өнімдерін шығарушыларға шетелдік нарыққа шығуға байланысты мемлекеттік көмек көрсету аясында 6 кәсіпорынға көмек көрсетті: «ҚазСПО-N» ЖШС – кәсіби спорт киімдері мен әскери киімдер өндірушісі, «Mimioriki» ЖШС – балалар киімін өндіруші, «Glasman» ЖШС – ерлерге арналған костюмдер мен мектеп формасын өндіруші, «Golden Nomad» ЖШС - ерлерге арналған костюмдер өндірушісі, «Бал Текстиль» ЖШС – кілем бұйымдарын өндіруші және футболкалар мен әйелдер киімін шығаратын «Linsky» ЖК.

Сонымен қоса, агенттік қазақстандық дизайнерлерге халықаралық көрмелерге қатысуға қолдау көрсетумен де айналысады. Өндірушілердің айтуынша, шетелдік шараларға қатысу олардың экспортқа шығуына септігін тигізеді.

T. Кіршібаев