ҚР Ұлттық банкі: Қазақстанда шағын бизнесті кредиттеу деңгейі өсті

ҚР Ұлттық банкі: Қазақстанда шағын бизнесті кредиттеу деңгейі өсті
Фото: primat.kz

Тамыздың соңында банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 2016 жылдың басындағы деңгейде сақталды және 12,7 трлн теңгені құрады. Кредиттік портфельдің өңдеуші өнеркәсіпте 86 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығында 80,2 млрд теңгеге, құрылыс саласында 31,4 млрд теңгеге өсуі байқалды. Экономикаға берілген барлық кредиттің құрылымында 83%-ды 1 жылдан астам мерзімге берілген кредиттер құрайды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде ҚР ҰБ Төрағасы Д.Ақышев хабарлады.

Оның айтуынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2016 жылғы 8 айда 2,8 трлн теңгеге дейін – 728 млрд теңгеге немесе 35%-ға ұлғайды.

Ұлттық банк басшысы кредиттеудің кеңеюіне базалық мөлшерлемені 17%-дан 13%-ға дейін төмендету және ақша нарығындағы ресурстардың құнын тиісінше тұрақтандыру ықпал ететінін атап өтті. «Біз банктердің кредиттік портфелінің одан әрі өсуін, оның ішінде ағымдағы жылы өсуін күтеміз», - деп нақтылады ол.

Ағымдағы жылы Ұлттық банк дұрыс кірістілік қисығын қалыптастыру жұмысын белсенді жүргізуде. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде ҚР ҰБ Төрағасы Д.Ақышев хабарлады.

«Кірістілік қисығы ішкі және сыртқы инвесторлар үшін қарыз алудың құны мәселесі бойынша ақпараттың дереккөзі болып, кәсіби қатысушылардың күтулерін бағалау мәселесінде белгі болып табылады», - деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, «МБҚ-ның ағымдағы кірістілік қисығы нарықтың пайыздық мөлшерлемелердің одан әрі төмендеуі жөніндегі күтілерін көрсетеді, бұл инфляциялық процестердің баяулауына қарай нақты экономиканы кредиттеуді ұлғайтудың және ұзақмерзімді кредиттік белсенділікті қалпына келтірудің алғышарттарын құрайтын болады». Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дереккөз: 24.kz

T. Кіршібаев