Елбасы: Ұлттық қордағы қаражатты сақтау керек, алда не болары белгiсiз

Елбасы: Ұлттық қордағы қаражатты сақтау керек, алда не болары белгiсiз
Фото: voxpopuli.kz

Ақордада өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкiметке Ұлттық қордан қарастырылған бiрқатар трансферттердi қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz  тiлшiсi.

«Бүгiн отырыста айтылған мiндеттердi орындау үшiн Үкiметке биылғы жылға арналған республикалық бюджетке өзгерiстер енгiзiп, Парламентке ұсынуды тапсырамын. Мен айтқан барлық мiндеттерге қосымша 380 млрд теңге бөлу керек. Оның 280 млрд теңгесi бүгiн айтқан шараларға, 100 млрды өзге шығындарға бағытталады. Бұндай қаражат бiзде бар», - дедi Мемлекет басшысы.

Елбасы Ұлттық қордағы қаражатты сақтау керек дейдi. Сондықтан Үкiметке бiрқатар трансферттердi қысқартуды тапсырды.

«Бiздi ылғи құтқаратын Ұлттық қордағы қаражатты сақтауымыз керек. Алдымызда не күтiп тұрғанын кiм бiледi. Сондықтан бiзге резерв керек. 2016 жылы кепiлдендiрiлген трансферт көлемiн 400 млрд теңгеге қысқартуды тапсырамын. Алмаңдар, Ұлттық қорда қалсын, бұған мүмкiндiк бар. Мақсатты трансферт 50 млрд теңгеге қысқарады», - дедi Н.Назарбаев.

«Үкiмет менiң тапсырмаларымды орындауға қажет шығындарды 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қарастыруы керек. Бұл мәселенi Президент Әкiмшiлiгi қатаң бақылауына алады», - дедi Президент.

Бүгiн Ұлттық экономика министрi хабарлағандай, Ұлттық қордағы актив 64,7 млрд АҚШ долларына жеткен. Ал Қазақстанның халықаралық резервi жыл басынан берi 4,2 пайызға өсiп, 95,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Дереккөз: BNews.kz 

T. Кіршібаев