Еліміздің екі облысында үсік жүреді

Еліміздің екі облысында үсік жүреді
Фото: i.sibdepo.ru

Cиноптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Тек батыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстікте, шығыста және орталықтың кей жерлерінде тұман түседі. Орталықта және  солтүстікте кей жерлерде үсік жүреді. 

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай,  Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз  Батыс Қазақстан,  Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман түседі.

Түнде Қарағанды, Ақмола облыстарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді деп болжануда.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы