Марат Бекетаев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды

Марат Бекетаев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды
Фото: tengrinews.kz

Марат Бекетаев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бекетаев Марат Бақытжанұлы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылсын, ҚР Әділет министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Ал осыған дейін Әділет министрі қызметін атқарған Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясын басқаратын болды.

Ө. Сансызбай