Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: kapital.kz

Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерін атқарды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды.

Бүгіннен бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметіне Жасұзақов Сәкен Әділханұлы тағайындалды.1957 жылы қазанның 25-інде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылында дүниеге келген. 

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов биыл желтоқсан айында 60 жасқа толады. Оның екі қыз, бір ұлы бар. 

Ө. Сансызбай