«Олжа» базарында тұтанған өрт ауыздықталды

Алматыдағы «Олжа» базарында тұтанған өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz порталының тілшісі. Бұл туралы  ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Шарпыған өрт сағат 18:43-те сөндірілді. Тілсіз жауды тоқтату оңай болған жоқ. Оны сөндіруге қалалық 360 Төтенше жағдай қызметкері мен 50 техника және арнайы тікұшақ жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:39 «Олжа» базарынан өрт шықты.  Куәгерлердің айтуы бойынша, аяқ киім сақталған қойма өртенген.