Шұғыл: Барахолка базары өртке оранды

Алматыда Барахолка базарында өрт шықты. Тілсіз жау «Олжа» базарында тұтанған, – деп хабарлайды Massaget.kz порталының оқиға орнына барған тілшісі.

Өртті сөндіруге қалалық 110 Төтенше жағдай қызметкері мен 30 техника және арнайы тікұшақ жұмылдырылған. Төтенше жағдайдың неден пайда болғаныны әзірге белгісіз. Тілсіз жау 3000 шаршы метрді алып жатыр. 

Куәгерлердің айтуы бойынша, аяқ киім сақталған қойма өртенуде. Куәгер: «газ балонның жарылғанындай дауыс шықты. Өрт тез шарпыды. Небәрі 20 минут ішінде айнала өртке оранды», – деді.

«Олжа»  базарының сатушылары тауарларын қауіпсіз жерге тасуда. Сондай-ақ, Ұлттық ұлан сарбаздары да оқиға орнына келіп жетті.

Бөлісу: