Астана мен Алматыда алдағы 3 күн бойы жаңбыр жауады

Астана мен Алматыда алдағы 3 күн бойы жаңбыр жауады
Фото: kursiv.kz

Астана мен Алматыда алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басқа аймақтарында да осындай ауа райы сақталады. Әсіресе, қос бірдей мегаполисте бұршақ жауып, найзағай ойнап, жел екпіні күшеймек. Тек, батыс аймақта аспан ашылып, күн сәулесі жарқырайды,- дейді мамандар.

Ләззат Керімова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі: 
– Астана қаласында 28-29 шілдеде әлде де жауын-шашын сақталады. Найзағай болады. Ауаның түнгі температурасы 10-12 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылыға дейін барады. 30 шілдеде Астана қаласында тек түнде жаңбыр жауады. Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауады екі күн бойы. 30 шілдеде Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнгі температура 17-19, күндіз 31 градус жылы болады.


Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы