Алматы облысында аламан бәйге өтеді

Алматы облысында аламан бәйге өтеді
Фото: sk-sport.kz

29 шілдеде сағат 14.00-де Райымбек ауданындағы Қарқара ауылының Мыңжылқы жайлауындағы атшабарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты шаралар аясында ұлттық ат спорты түрлерінен және қазақ күресінен ашық облыстық жарыстар өткізіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс бағдарламасында: 11 шақырымға құнан бәйге, 16 шақырымға топ бәйге, 9 шақырымға жорға аттар жарысы, 25 шақырымға Аламан бәйге ұйымдастырылады. Бәйгенің бас жүлдесіне жеңіл автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі.

Сонымен қатар көкпар, теңге ілу, қыз қуу және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер ұсынылады.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы