Еліміздің кей аймақтарында бұршақ жауады

Еліміздің кей аймақтарында бұршақ жауады
Фото: kmv.gorodskoitelegraf.ru

22 шілде күні атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алматы, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ болады, жел 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауылмен. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, күндіз жел 15-20 күшеюі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ, жел 15-20 күшеюі күтіледі, түнде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 күшеюі күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Маңғыстау, Атырау облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы