Археологтар тістері әшекейленген бассүйек тапты

Археологтар тістері әшекейленген бассүйек тапты
Фото: вк

Мексикадағы ежелгі Теотиуакан қаласының маңына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде археологтар тістері минералды тастармен әшекейленген әйел бассүйегін тапты, − деп хабарлайды mir24.tv.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл олжа майя өркениеті өкілдерінің тіс протездеуді жақсы білгенін куәландырады.  Бассүйектің астыңғы жағынан серпентин тасынан дайындалған тіс протезі табылған. Алдыңғы екі тісіне дөңгелек формадағы пирит тасы орнатылған. Бұл минерал құрамында темір өте көп. Немесе тастардың сәндік қызмет атқаруы да мүмкін.

Археологтардың болжауынша, бассүйек иесі әйел және ол шамамен  40 жасында қайтыс болған. 

Н. Нұрмаханұлы