Қазақстанда теледидарға қарағанда интернетті пайдалану үлесі басым

Қазақстанда теледидарға қарағанда интернетті пайдалану үлесі басым
Фото: вк

Қазақстанда теледидарға қарағанда интернетті пайдалану үлесі басымырақ. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумы барысында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

«Біз баршамыз телекоммуникация қызметтерін пайдаланушы болып табыламыз. Қазіргі кезде статистика бойынша орташа үй шаруашылығы интернетпен салыстарғанда теледидарды аздау қосып жүр. Егер де теледидарды аптасына орташа алғанда 5 сағат көрсе, интернетте отыратын уақыт 12 сағаттан асып түседі», − деді Қ. Есекеев.

Айта кетейік, «Қазақтелекомның» интернетке белгіленген кең жолақты желісімен қосылған абоненттерінің үлесі 1,5 миллионнан астам, бұл өз кезегінде нарықтың 75 пайызы.

Дереккөз:kazinform.kz

Н. Нұрмаханұлы