Демалыс күндеріне арналған ауа райы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы
Фото: massagetkz

Синоптиктер 2016 жылдың 25-27 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Мамандардың айтуынша, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

"Алдымыздағы демалыс және дүйсенбі күндері Қазақстан территориясына, Солтүстік Урал аудандарынан солтүстік-батыс тропосфералық ағымдармен ылғалды ауаның келуі толастамайды. Сол себепті республикамыздың көп облысында жауын-шашынды және бұршақты, тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Температура, осы кезеңдік, көпжылдық климаттық норма деңгейінде және одан төменірек көрсеткіште болады. Дүйсенбі күні циклонның жандануына байланысты, солтүстік облыстарда жаңбыр нөсерге айналуы мүмкін", − делінген хабарламада.

Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста суық фронттардың күшеюімен бұл жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда да жаңбыр болуы ықтимал.

Дереккөз: tengrinews.kz 

Н. Нұрмаханұлы