Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: zaleskiy.com

18-20 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

"Жоғары барийлік жалмен оңтүстік-батыс даласы арқылы Қазақстанның батыс облыстарына тропикалық ауа массалары келіп жатыр және алдағы үш күнде ол өзінің әсерін жалғастырмақшы. Сондықтан да бұл жерлерде әлі күнге дейін аптап ыстық. Тәуліктің орташа температурасы әдеттегіден 4-7 градусқа жоғары", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басқа аумақтары салқын атмосфералық фронттармен байланысқан жоғары барийлік жыраның әсерінде болады. Сондықтан да еліміздің кей жерлерінде найзағайлы, өткінші жаңбыр күтіледі. "Демалыс күндері Іле Алатауында да нөсер болуы болжануда. Температура көпжылдық белгіге жақын болуы күтіледі", - деді мамандар.

Дереккөз: kaztengrinews.kz

Ө. Сансызбай